$ 494.87  520.65  4.91

«Өкіндім»: Мәдина Сәдуақасова оқушы кезінде қалай төбелескенін айтты

Әлгі қыз «Сен неге өзінше боласың, маған ұнамай тұрсың?» деп тиісті.

Фото: https://www.instagram.com/sadvakasovamadina/
Фото: https://www.instagram.com/sadvakasovamadina/

Танымал әнші Мәдина Сәдуақасова оқушы кезін еске түсіріп, төбелескені туралы оқиғаны баяндады. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы «Жарқын жүздесу» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Әнші бала күнінде спортпен айналысқан екен.

12 жасымда дзюдомен айналыстым. Ол спортқа екі-ақ жыл қатыстым. Себебі қатысқаным мамама ұнамады. Ол мені сызылып қалған қыз қылғысы келді. Сол арманына жетті. Бірақ мен кішкентай кезімде өте шымыр болғанмын, екінің бірі құлата алмайтын. Қызылордада жаңа аудан, жаңа үйге көшкенбіз. Сол жерге бір қыз келіп, мені сыртқа шақырды. Ойымда дым жоқ, халатпен шыға салғанмын. Әлгі қыз «Сен неге өзінше боласың, маған ұнамай тұрсың?» деп тиісті. «Жүр, андағы кірпіш зауытына барып, әңгімелесіп қайтайық» деді бір кезде. Менде қорқу деген жоқ, әйтпесе мектепте оқитын кіп-кішкентай қызбыз ғой. «Жүр» дедім оған. Содан зауыттың ішіне кіргізіп алып, мені ұрмақшы болды. Мені жылап, алдына жығылады деп ойлап қалды-ау, менен ондай қадам күтпеді. Ал мен халатымның етегін түйіп алдым да жерге атып ұрдым. Жеңіп кеттім. Бірақ артынан «бекер істедім-ау, жай ғана әңгімелесіп, тіл табысып кетуге болар еді» деп өкіндім. Алғашқы және соңғы төбелесім осы болды, – деді әнші.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары