$ 442.05  474.14  4.74

Димаш украин қызына таңғалды (ВИДЕО)

Байқау ұйымдастырушылары Амелиді «үміт пен бейбітшіліктің және батылдықтың символы» деп атады.

Димаш Құдайберген Мажарстандағы Virtuosos V4+ таланттар байқауының финалында өнер көрсеткен украиналық Амелия Анисовичтің талантына тәнті болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Амелияның басқа қатысушылардан ерекшелігі – ол бұған дейін өз еліндегі соғыс кезінде бомбадан қорғанатын панажайда ән шырқап, болашаққа деген үміт пен сенімнің символына айналған еді. Сол сәттегі видеосы әлеуметтік желілерде кең тарап, өнерпаз бүлдіршін әлемге танылды,

Танымал әнші Димаш Құдайберген Мажарстандағы Virtuosos V4+ таланттар байқауында қазылық етті. Virtuosos V4+ – өзгеше форматты классикалық музыка алаңындағы таланттар шоуы. Ол жас әртістердің талантын ашуға және жас музыканттардың дамуына мүмкіндіктер беретін ерекше шоу.

Жоба барысында Димаш Украинадан келген байқаудың ең кішкентай қатысушысы Амелия Анисовичтің дауысын ерекше мақтады.

Қатты таңғалып отырмын. Талантың үшін рахмет. Сен әлемді өзгерту үшін дүниеге келдің деп ойлаймын, – деді Димаш Құдайберген.

Айта кетейік, Амелия Анисович 9 жаста. Байқау финалында «Мұзды өлке» анимациялық фильмінің «Let it go» саундтрегін орындады. Байқау ұйымдастырушылары Амелиді «үміт пен бейбітшіліктің және батылдықтың символы» деп атады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары