$ 494.87  520.65  4.91

«Алып кетіңіздерші»: Әли Оқапов марапаттарын қайтара алмай жүргенін айтты

Бірақ оны ешкім алғысы келмеді.

Фото: aliokapov инстаграм парақшасынан
Фото: aliokapov инстаграм парақшасынан

Танымал әнші әрі сазгер Әли Оқаповтың алған атақтары үшін басы дауға қалғаны көптің есінде. “Таңшолпан” бағдарламасына сұхбат берген өнер иесі сол марапаттарын қайтару жөнінде егжей-тегжейлі баяндап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Даудың басы Әли Оқапотың “Құрмет” орденінің иегері атанғанынан кейін басталды.

Былтыр орден алғаным үлкен дауға ұласқанын білесіздер. Негізі, сондай марапатқа лайық болғаныма қатты қуанғанмын. Еңбектің бағаланғаны дұрыс. Дегенмен, әлеуметтік желіде үлкен айқай-шуға айналды. Сол кезде өзімді қатты ыңғайсыз сезіндім. Анам ес білгелі “халықтан үлкен емессің, бірінші орында халық” деп санамызға құйып өсірді. Өнер адамы болғасын халықпен тікелей жұмыс істейсің. Қазақстандықтардың пікіріне бағынып, марапаттан бас тарту туралы шешім қабылдадым. Бірақ заң бойынша әртіс мемлекеттік сыйлықтан бас тарта алмайды екен. Егер бас тартса, марапат иесінің жағымсыз әрекеті үшін қайтарылды деп айтылады екен. Сондықтан мен заңға бағындым. Маған сенім артып, менің өнеріме жанашыр болып жатқан тыңдарман қауымды құрметтеймін. Қазір барлық атақ-марапатым өзімде қалды, – дейді әнші.

Әли Оқаповтың айтуынша, оның марапаттарын ешкім қайтып өзіне алғысы келмеген.

Сол күні барлық марапаттарымды қайтарып беру туралы шешімге келдім. Бірақ олар әлі күнге дейін үйімде жатыр. Өйткені бағдарламаның дені жабылып қалған. Қайтарып беретін өкілдері түрлі салаға кетіп қалған. Мен негізі алып кетіңіздерші деп ұсындым. Бірақ оны ешкім алғысы келмеді. Бұл өмір ғой, бәріне бірдей ұнау мүмкін емес және ол керек те емес, – дейді сазгер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 1
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары