$ 441.66  475.14  4.86

«Төсін жалтыратуға ұялмайды»: Мәдина Сәдуақасова тағы сынға қалды (ВИДЕО)

«Төсін жалтыратып жүруге ұялмайды».

Фото: https://www.instagram.com/sadvakasovamadina/
Фото: https://www.instagram.com/sadvakasovamadina/

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, әнші Мәдина Сәдуақасова оқырманына ерекше образын көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әнші бұл жолы қалыңдық көйлегін киген.

Жақында үйлену тойы, – деп жазды әншінің өзі.

Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі қолдап, сұлу қалыңдыққа теңеп жатса, енді бірі жасыңа сай келмейді деп сынап тастады.Жасы 40-тан асты. Төсін жалтыратып жүруге ұялмайды», «Тағы да күйеуге шықты деп ойлап қалдым», «Уақыт өзінікін алады екен, мына көйлекке түріңіз кәрі болып тұр», «Мінсіз сұлу екенсіз», «Боянбаса да әдемі екен», «Қалыңдық болатын жастан өттің ғой, өнегелі іс істесеңші» деп жаза жөнелді әншінің әлеуметтік желідегі оқырмандары.

Мәдина Сәдуақасова болса, ән мен сәнді қатар алып жүретінін жиі айтады.

Менің шығармашылық тобымда түгел жастар. Репертуарымдағы әндерімнің де авторы – жас композиторлар. Стилистім де жас жігіт. Олар жас болғанымен талғамдары өте жоғары. Мені бірден баурап алады. Жақында 4 жаңа әнім жарық көреді. Қазіргі заман талабына сай түрлі сала мамандарымен жұмыс істеп жатырмын. Шынымды айтсам, 12 адамға жұмыс беріп отырмын, – деген еді эстрада жұлдызы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 4
Күлкілі 3
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары