$ 494.87  520.65  4.91

«Әке болдым»: Әлішер Кәрімов қуанышты жаңалығын бөлісті

Әнші тойға ақша жинап, содан кейін үйленетінін айтты.

Фото: kk.wikipedia.org
Фото: kk.wikipedia.org

Әнші Әлішер Кәрімов әке атанғанын айтты. Өнер иесі "1001 түн" бағдарламасында достарының балаларына екі рет өкіл әке болғанын мәлім етті, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Екі рет өкіл әке атандым. Достарымның бірінде ұлы дүниеге келді. Директорымның қызы туылды. "Әлішер, өкіл әке боласың ба?" деді. Әрине, келістім. Дайындық бола берсін", - деді Кәрімов.

Сонымен қатар өнер иесі өзінің де балалы болуға дайын екенін айтты.

"Мен балалы болуға дайынмын. Бірақ бір себептер бар. Мерекелік концерттер бар. Биыл мерейтой жылы, сахнада жүргеніме 20 жыл толды. Елді араламаймын ба? Тойға ақша жинаймын. Бұйырса, содан кейін үйленемін", - деді Әлішер Кәрімов. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары