Ол отадан кейін күніне бірнеше мың қадам жүретінін айтады.
Асқазанына екі рет ота жасалған айтыскер ақын Айшолпан Тілеутай желідегі парақшасында Ыстамбұлда 8 келіге арықтағанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ақын қыздың айтуынша, Түркияға келгенде салмағы 135 келі болған.
Қайырлы кеш, баршаңызға! Стамбулға 135 келі болып келгенмін. Әне-міне дегенше – 8 келі тастаппын. Жеңілдеп қалдым, – деп жазды ол.
Сонымен қатар, ол отадан кейін күніне бірнеше мың қадам жүретінін айтады.
Теңіз жағасында күніне 10 мың қадам. Бұл қала менің жеңістерімнің бастамасы!, – деп жазған ақын.