$ 494.87  520.65  4.91

«Жаңа туғандай жалаңаштанып жүреді». Қарақат Әбілдина шошынып қалғанын айтты

Алдында келгенде естігем, бірақ сенбеп едім.

Фото: karakat_a инстаграм парақшасынан
Фото: karakat_a инстаграм парақшасынан

Жұлдызды жұп Қыдырәлі мен Қарақат Германия еліне ем алуға аттанған еді. Бүгінде емі аяқталып, елге оралған Қарақат шетелде өзіне оғаш көрінген жайттармен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіге салған видеосында Қарақат он күнге жоспарланған емі аяқталып, елге жол тартып бара жатқанын айтады. Айтуынша, қазақылығына жат деп санаған бірнеше дүниені аңғарған.

Көздеген мақсатымыз орындалып, көңіліміз жайланды. Осыдан 10 жыл бұрын келіп едік. Мені қатты шошындырған бір-екі өмір сүру салтын айтып берейін. Бұл кісілер біз секілді аста-төк дастархан жаймайды. Қонақ келсе, ол өзінің ішкен-жегенін төлеп кетеді екен. Мұны  біздің қазақылығымызға жат дүние болғандықтан, түсіне алмадым. Тағы бір шошындырған жағдай, жасы да, кәрісі де, әйелі де, ері де балаларымен бірге моншаға түсе береді екен. Анадан жаңа туғандай жалаңаштанып, бәрі бір моншада жүреді. Алдында келгенде естігем, бірақ сенбеп едім. Осы жолы бұлар соны қалыпты жағдай деп айтып бергенде кәдімгідей шошыдым, – дейді әнші. 

Сонымен қатар құлаққа түрпідей тиетін жайттар да аз болмаған. 

Одан кейін қыз бен жігіт кездесуге барғанда қыз өзінің ішкен-жегенін төлейді екен. Біздің елде ер-азаматтарымызды “қызға құрмет” деп тәрбиелегесін ол салты да құлаққа түрпідей тиді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 20
Күлкілі 6
Ашулы 4

Серіктес жаңалықтары