$ 443.44  480.51  4.88

Бүгін – Нағима Есқалиеваның туған күні

Әнші 70 жасқа жетті. 

Фото: @nagima_yeskaliyeva парақшасынан алынды
Фото: @nagima_yeskaliyeva парақшасынан алынды

Бүгін – Қазақстанның халық әртісі Нағима Қабылқызы Есқалиеваның туған күні. Әнші 70 жасқа толып отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Нағима Қабылқызы –1954 жылы 3 ақпанда Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Фабричный кентінде жұмысшы отбасында дүниеге келген. Оның ата тегінің қонысы Ақтөбе облысы. Әкесі – Қабыл, анасы – Асыл қарапайым отбасы.

Ол Республикалық эстрада-цирк өнері студиясын, Алматы музыкалық училищесін бітірген.

1977-1985 жылдары «Қазақконцерт» жанындағы музыкалық ансамбльдер бірлестігінің, «Гүлдер» ансамблінің әншісі болған. 1985 жылдан Алматы облыстық филармониясы эстрадалық труппасының жетекшісі қызметін атқарған. Қазіргі уақытта Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясында оқытушы. Халықаралық эстрада әншілерінің «Алтын Орфей» байқауының, Қазақстан Комсомол сыйлығының лауреаты атанған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары