Желідегілер Назерке Керменбаеваның күйеуін жазылушылар қатарынан өшіріп тастағанын байқаған.
Әнші Нұржан Керменбаев жақында отандық әнші Элизат Беріковамен дуэт орындап, көпшіліктің қызу талқысына түскен болатын. Өнер иесінің жұбайы желіде көпшілікті алаңдатқан сауалға жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Сонымен қатар желідегілер Назерке Керменбаеваның күйеуін жазылушылар қатарынан өшіріп тастағанын байқаған.
"Нұржан ағамен біргесіздер ме? Қатты уайымдап жүрмін", - деп сұраған оқырмандардың бірі.
Ал әншінің жұбайы отбасында бәрі жақсы екенін жеткізді.
"Уайымдамаңыздар! Бәрі жақсы", - деп қысқаша жауап берді ол.