$ 444.14  477.05  4.85

Әнші Нағима Есқалиева 70 жас мерейтойын дүркіретіп атап өтті (ВИДЕО)

Ол жасты айтуға қимайсың. 

Фото: https://www.instagram.com/nagima_yeskaliyeva/
Фото: https://www.instagram.com/nagima_yeskaliyeva/

ҚР Халық әртісі, әнші Нағима Есқалиева 70 жасқа толды. Мерейтой иесі туған күнін дүркіретіп атап өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әншінің туған күн кешіне елге белгілі әншілер, сахнадағы әріптестері барды. 

50 жылдан бері сахнада үзеңгілес әріптесі Роза Рымбаева да әріптесіне жүрекжарды жылы лебізін білдірді.

Жолымды лауреаттықтан бастадым, сосын Нағима алды. Сонан соң Нағима ұлды болды, артынша мен де ұл тудым. Осылай өмірде екеуміз қатар келеміз, бірақ бізді салыстырудың қажеті жоқ. Нағиманың өз әні, өз стилі, өз репертуары бар, ал менікі бөлек. Нағима, біз қазақ эстрадасына аз да болсын үлес қостық деп айтуға құқымыз бар деп ойлаймын, – деді Роза Рымбаева.

Бұдан бөлек, әншіні Сәкен Майғазиев әлеуметтік желі арқылы арнайы құттықтады. 

Нағима Есқалиева 70 жасқа толды. Ол жасты айтуға қимайсың. Бірақ шындық. Жап-жас болып, ортамызда жүретін. Бала кезімізде Нағима Есқалиева, Мақпал Жүнісова, Роза Рымбаева, Сембек Жұмағалиев қашан шығады екен деп, «Тамашаны» күтіп отырушы едік. Міне, тағдырымызға алып тұлғамен әріптес болуды жазыпты. Өнер академиясында бірге қызмет жасаймыз. Аман болыңыз, аңыз адам! Диас балаңыз керемет келін әкелсін!, – деп жазды Сәкен Майғазиев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары