$ 443.37  474.49  4.83

Нұрлан Сабыров желіде тараған аудиожазба туралы айтты

Бұл – фейк.

Фото: видеодағы кадрдан алынды
Фото: видеодағы кадрдан алынды

Танымал әзілкеш Нұрлан Сабыров желіде тараған аудиожазбаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Осыған дейін Нұрлан Сабыров пен ресейлік журналист Тина Канделакидің телефон арқылы сөйлескен аудиожазбасы тараған. Әзілкештің айтуынша, желіде тараған аудожазба – фейк.

«Тинамен телефон арқылы сөйлескен жоқпын. Бұл – фейк. Қолдауларыңызға рақмет! Баршаңызға тыныштық пен бейбітшілік тілеймін. Қазақстан, алға! – деп жазды Сабыров әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске салсақ, бұған дейін интернет желісінде атышулы ресейлік тележүргізуші Тина Канделаки мен қазақстандық әзілкеш Нұрлан Сабыровтың телефон арқылы тілдесуі болуы мүмкін аудиожазба тараған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары