$ 449.88  486.64  4.83

«Ішіңіз күйсе, тұз жалаңыз»: Мақпал Жүнісова Нағима Есқалиеваның сөзіне шамданды (ВИДЕО)

Талай жерде, сен "Халық әртісін" менен ерте алып қойдың, деп қоймай айтып келеді.

Фото: instagram.com/zhunusova.makpal, instagram.com/nagima_yeskaliyeva
Фото: instagram.com/zhunusova.makpal, instagram.com/nagima_yeskaliyeva

Халық әртісі Мақпал Жүнісова күні кеше 70 жасқа толып, дүркіретіп туған күнін жасаған Нағима Есқалиеваға қатты ашулы екенін көрестті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Белгілі әнші инстаграм желісіндегі парақшасына Нағима Есқаливаның 70 жас тойындағы видеоны жүктеп, астына өз ренішін жазған.

Нағима әпше, ішіңіз күйсе, тұз жалап жіберіңіз. Мен өз еліме құрметтімін.

Ол видеода Роза Рымбаева мен Нағима Есқалиева өзара сөйлесіп тұр.

Халық әртісі көп болсын. Көп болған сайын, шығармашыл жарыстар көп болады. Бұл дегенің қызықты емес пе? Эстрададағы әйелдер арасында "Халық әртісі" атанған мен, сен, және Мақпал. Бірақ, біз әрқайсысымыз әртүрліміз, деген Роза Рымбаеваға Нағима Есқалиева түзету енгізіп, "Ол Одақтық деңгейдегі әнші емес" дейді. Тосылып қалған Роза Рымбаев: "Ә, олай емес пе" деп сөзін жалғайды. 

Айтуынша, Нағима Есқалиева Мақпал Жүнісованы бұған дейін де кекетіп-мұқататып келген. 

Мен апамды жақсы білемін, менен жасы үлкен ғой деп көрген жерде сәлем беремін. Маған Нағимадай әнші болу арман болған жоқ. Талай жерде, сен "Халық әртісін" менен ерте алып қойдың, деп қоймай айтып келеді. Ол үшін халықтың алдына көбірек шығып, қазақ әніне еңбек етсін. Зәкең өмірден озғанда да бір жылдан соң концертте көңіл айтқан.

Оқырман сұрағына жауап берген Мақпал Жүнісова өзін Нағима Есқалиева туған күніне шақырмағанын айтты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 14
Күлкілі 4
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары