Ол Дубай мен Абу-Даби қалаларында керемет уақыт өткізген.
Қазақстандық танымал әнші Заттыбек Көпбосынұлы отбасымен шетел аралап жүр. «Ақ маржан» әнімен танылған әнші бұл жолы бірден бірнеше мемлекетке саяхаттауды ұйғарған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның саяхаттауға аттанғаны Instagram желісіндегі фотолары мен видеоларынан белгілі болды. Әнші өз парақшасында ыстық мекеннен сурет пен видео жариялап, демалысы қалай өтіп жатқанын көрсетті.
Өнер иесінің саяхаты Катар мемлекетінен бастау алған. Жұлдызды жанұя Доха қаласының әсем жерлерін аралап, ерекше әсер алған. Одан кейін әнші Оман елі мен Біріккен Араб әмірліктеріне қарай жол тартқан.
Ол Дубай мен Абу-Даби қалаларында керемет уақыт өткізген.