$ 494.87  520.65  4.91

Меруерт Түсіпбаева тұрмыстағы жанжалға әйелдерді кінәлаған депутатқа жауап берді

Ол Анас Баққожаевтың пікірімен келіспейтінін жеткізді.

Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva
Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva

Қазақстандық танымал әнші Меруерт Түсіпбаева тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қатысты пікір білдірген мәжіліс депутаты Анас Баққожаевқа шүйлікті. Өнер иесіне оның үйдегі жанжалға әйелдерді кінәлағаны ұнамай қалған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Меруерт Түсіпбаева Instagram парақшасында қоғамда дау тудырған депутаттың сөздеріне қатысты өз ойын айтты. Ол Анас Баққожаевтың пікірімен келіспейтінін жеткізіп, қазақ қыздарының өмірі қаншалықты қиын екенін түсіндірді.

"Бүгін Варшава көшелерін аралап жүріп, қазақ қыздарының өмірі қандай қиын екенін ойладым. Жаяу жүргенде миыңа сансыз ойлар келеді. Өзімнен өзім, қазақтың қыздары неткен мықты деп ойладым. Отбасында, көбінесе қазақтар қыздарын басып өсіреді. "

Қой, ұят болады, олай жасама" деп ұрысады, жұмысқа салады. Негізі, қатты ұстайды. Сосын, оқығаны оқып, күйеуге шығады. Сынақтар жалғаса береді. Ол жерде, аждаhaлар дайын. Ене, (енесінің сіңілі-әпкелері) атасы, қайынсіңілілері және өз күйеуі. Оны жақсы адам деп есептейік (ішкіш, ойынқұмар, жүргіш, нашақор болмағанда) Енді өз отбасындағыдан бетер өмір басталады. "Отыр, тұр, жина, сыпыр, неге мынау былай, неге анау солай" деген сөздер кетеді. Жүйке жүйесіне қысым басталады. Ол байқұс қыз бөтен жерге келді. Ол да стресс, 1-2 жыл үйренсін деп ешкім күтпейді! Бірден робот секілді үйренісіп кету керек. Одан бала туады, жұмыс одан сайын көбейеді. Енді, келін, ана, жар , өз ата-анасына да қарайлайды, жұмысы бар. Жұмыстан керегін арқалап келіп, тынбай үй жұмысын жасайды. Сонда да ешкімге жақпайды.

Менің көп таныс құрбыларымның өмірі осы. Өздеріне де қарайды, бала-шағаны да өсіріп тәрбиелейді. Бір жүрген роботтар, аман болыңдар қазақтың мықты қыздары. Ал депутат мырза, сіз осы режимде бір күн өмір сүрсеңіз үндемесең едіңіз. Айтуға оңай, бұл бер жағы ғана", - деп жазды әнші. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары