$ 494.87  520.65  4.91

«Оларға үйде отыратын әйел керек». Халық әртісі еркектерден жолы болмағанын айтты (ВИДЕО)

Күйеулерімнің ешқайсысы өнерімді қолдамаған.

“Таңшолпан” бағдарламасына сұхбат берген КСРО халық әртісі, қазақтың күміс көмей әншісі Бибігүл Төлегенова бұрын-соңды айтпаған сырларымен бөлісті, деп хабарлайы Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бүгінде біраз жасты еңсерген әнші өнерде жолы болғанымен отбасылық жеке өміріне келгенде сәтсіздікке көп ұшырағанын айтты.

Менің өнеріме қолдау білдірген бір-ақ адам болса, ол – Ахмет Жұбанов. Күйеулерімнің ешқайсысы өнерімді қолдамаған. Оларға үйде отыратын әйел керек болды. Тіпті бірімен заңды некеге де тіркелген жоқпыз. Бірінші жұбайымен ажыраспаған екен. “Семейге алып кетемін, маған Алматыда жұмыс жоқ” деп айтты. Жалпы еркектерден бағым жанбады. Олар туралы қазір мүлдем сөз қозғамаймын. Кітабыма да жазбадым. Оларды есіме де алғым келмейді, – дейді халық әртісі. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 7
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары