$ 443.44  480.51  4.88

Айқын мен Жұлдыз Тайландта қолтырауын ұстап, гидроцикл айдап жүр (ВИДЕО)

Ол балаларына қызықты демалыс ұйымдастыруға тырысқан.

Фото: Instagram/zhuldyzomirgali_official
Фото: Instagram/zhuldyzomirgali_official

Айқын Төлепберген жақында әйелі мен балаларын алып, Таиландта демалып қайтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Nur.kz мәліметінше, саяхат уақытында әнші қонақ үй және таңғы аспен шектеліп қалмаған. Ол балаларына қызықты демалыс ұйымдастыруға тырысқан.

"Сіздерге де осындай демалыс бұйырсын. Таиландтың әдемі сәттерін желіге салып қояйын. Екі жеті 2 күндей зулап өте шықты. Қошақандарымыз бақытты болса, бізге керегі сол ғана. Үлкендері де барады, бұйырса. Әзірге сабақта. Жанұяларымыз аман болсын. Айтпақшы, үшінші видеода қолтырауын тірі", - деп жазды Айқын.

Видеодан Айқын ұлымен гидроцикл айдағанын, бассейнге секіру кезінде сальто жасағанын байқауға болады. Сонымен қатар жұлдызды жұп балаларымен бірге қолтырауын және жолбарыстың жанына жақындап, ұстап көрген. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары