$ 443.37  474.49  4.83

Актриса Ақерке Арыс ұзату тойы алдында райынан қайтқанын айтты

Актриса өнерін алғашқылардың бірі болып енесі қолдайтынын айтты.

Фото: akerke_aryss инстаграм парақшасынан
Фото: akerke_aryss инстаграм парақшасынан

Ақерке Арыс қиын жағдайда отбасын қалай сақтап қалғаны туралы айтып, сұхбат берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол жолдасының сөздеріне құлақ асып, қателеспегенін жеткізді.

"Ұзатуымның алдында екі ойлы болып қалдым. Тура сол кезде араға түскендер көп болды. Қиналып, бір-бірімізге ренжісіп жатқан кезде күйеуім келіп бір нәрсе айтқан болатын. "Сәл шыдасаң, бәрі жақсы болып кетеді. Кішкене шыдасаң, бұл нәрседен өтіп кетеміз" деген еді. Айтқаны келді. Шынымен қазір бәрі жақсы, Аллаға шүкір", - деді ол.

Сонымен қатар актриса өнерін алғашқылардың бірі болып енесі қолдайтынын айтты. Ол тіпті баласы кішкентай болғанда келініне "түсірілімнен қалма, киноға түс" деп қоймай қойған.

"Бірінші рет басты рөлге шақырғанда мен бас тарттым. Балам ол кезде 5 айлық еді. Сол кезде енем қолдау білдірді. "Сенің түріңді бәрі ұмытып қалады ғой. Балаңа мен қарайын" деді. Сөйтіп қыста Нарынқолға барамыз. Енем әркез күйеуіме "Ол - өнер адамы. Өнер адмын қысуға болмайды. Сен қолдау керексің" деп айтып отырады. Отбасы болған соң, келіспеушіліктер болады. Ұрысамыз, қырылысамыз, төбелескен кездер де болды. Енеммен сөзге келіп қалған кез де болды. Сондай ұрыстардан кейін отырып, отбасы болып талқылаймыз. Артынан бір-бірімізден кешірім сұраймыз. Бірақ мен басында кешірім сұрай алмайтынмын. Кейіннен үйрендім", - деді актриса.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары