$ 444.14  477.05  4.85

«Жұмысы соғысқа барып келгенмен бірдей»: Нұржан Керменбаев өкінішін айтты

Бұл – қауіпті жұмыс орындарының бірі.

Фото: https://www.instagram.com/nurzhan_kermenbayev/
Фото: https://www.instagram.com/nurzhan_kermenbayev/

Танымал әнші Нұржан Керменбаев «Urpaq» подкастына сұхбат беріп,  әкесі туралы сыр шертті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, биыл әкесінің өмірден озғанына – 14 жыл.

Марқұм әкем кенші болып жұмыс істеді. Көбіне жұмыста еді. Әкемнің қабағына қарап жүретінбіз. «Әкең жұмыстан келеді, ұйықтайды, тыныш жүріңдер» дейтін анам. Кеншілердің шахтаға түсуі – соғысқа барып келумен тең деген сөз бар. Кенші жер астына түскен кезде түсіп бара жатып, қайта көтеріле ме оны білмейді. Бұл – қауіпті жұмыс орындарының бірі. Расымен де әкеміз жұмысқа бара жатады, ол қайтып келе ме, жоқ па, біз де білмейміз. Әкем жұмыстың кесірінен жаман ауруға шалдықты. Ол ұзақ уақыт бойы белгі бермеген. Дертпен жарты жылдай алысып, 2010 жылы дүние салды. Ата-анамды Алматыға көшіріп алмағаныма өкінемін. 17 жасымнан бастап қалада жүрсем де әке-шешемді қасыма алу деген ой болмапты. Сол үшін өкінемін, – деп көзіне жас алды Нұржан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары