$ 494.87  520.65  4.91

«Тәп-тәтті ботақан талайларға – арман»: Меруерт Түсіпбаева Бейбіт Қорғанға ренжіді

Бейбіт бөбектің жанынан елемей өте шыққанда жүрегім дір етті.

Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva
Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva

Танымал әнші Бейбіт Қорғаннан “балам бар” деген атыраулық келіншектің оқиғасы әлеуметтік желіде желдей есіп жүр. Әншінің Атырау қаласындағы емханалардың бірінде ДНҚ тапсырғаны да көпшілікке белгілі. Осы орайда өнердегі әріптесі Абай Бегей мен Жеңіс Ысқақова оны қолдаса, Меруерт Түсіпбаева бұл әрекетіне өз қарсылығын жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Осы жазбаны жазар алдында көп ойландым, өзім де ұл өсіріп отырмын ғой. Ер-жігіттің басына не келіп-кетпейді?! Еуропаның екі қаласының уақыт айырмашылығы – шамамен бір сағат. Бағдарламаның ДНК тапсырған бөлімін көріп қалып, көңілім су сепкендей басылып, жабырқау күйге түсіп, құлазыдым. Арнаның журналистеріне рейтинг керек, ол түсінікті. Көрерменге шоу қажет. Басында келіскенімен, бес жылдай уақыт өтіп, артынан түсініспеген әйел мен еркектің жағдайы да белгілі... Ал бейкүнә сәбиді ойлаған жан бар ма?! Ол ер бала, ертең есейеді ғой. Мына дау-дамайды көріп, намыстанып, қандай сезімде болады екен. Біреуің баланың болашағын ойладыңдар ма?! Оның бетін бүркемей, бажырайтып көрсетуге құқылы ма ересектер?! Этика қайда? Ертең-ақ ер жетеді бұл ботақан, өз отбасын құрады, сол кезде осы шу оның алдағы өміріне әсер етуі әбден мүмкін емес пе? Ересектер, неге сонша қатал болдық екен?..., – деп жазды әнші жеке парақшасында.

Бейбіттің кей әрекеттері Түсіпбаеваның жүрегін дір еткізген. 

Бейбіт бөбектің жанынан елемей өте шыққанда жүрегім дір етті. Қанша ашулы болса да, (оның баласы болмаса да) бір кінәсіз, күнәсіз сәби ғой, өзі аурушаң екен. Әкесіз өсіп жатыр екен. "Маған арман" деп соның әнін айтып, жүгіріп жүрген қазақтың бір баласы ғой. Бағдарламаны қарап отырып, "эх, шіркін-ай, сол жерде баланы көтеріп алса ғой" деген ой келді маған. Бірақ еркектер басқаша ойлайды-ау шамасы. Тек өзінің ЭГО-сын, комфортын ойлап отырған жайы бар сияқты. Ал білгенге, мұндай тәп-тәтті ботақан – талайларға арман. Аман бол, құлыншақ! Адамдардың қатыгездігін кешіре ғой. Алла жар болсын саған!, – деп жазды әнші Меруерт Түсіпбаева.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Атыраулық әйел Бейбіт Қорғаннан баласы барын айтты: өнердегі әріптестері не дейді 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары