$ 494.87  520.65  4.91

Роза Рымбаева алаяққа алданғанына қатысты пікір білдірді

Менің мазамды алмаңыздаршы.

Фото: rozarymbaeva парақшасынан
Фото: rozarymbaeva парақшасынан

Әлеуметтік желіде Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева алаяқтың құрбаны болды деген ақпарат желдей есті. Дегенмен әнші өзі туралы тараған хабарды жоққа шығарды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

BaigeNews.kz сайтына берген сұхбатында Роза Рымбаева ешқандай қылмыстық іспен байланысы жоқ екенін баса айтты.

Ең алдымен сіздерге мұндай ақпаратты кім берген? Біле білсеңіз, мені ешкім алдамады. Олар ойдан құрастырмасын. Отырып алып бос әңгіме ойлап тапқан. Олар менен сұрады ма? Жоқ! Ең әуелі менен сұрау керек. Оларға хайп жасап, дүрбелең ұйымдастырса болды, - деп аң-таң болды әнші.

"Өзі туралы жалған ақпарат таратқандарды жауапқа тартқыңыз келе ме" деген сауалға Рымбаеа қысқа жауап берді. Айтуынша, бұндайдың барлығынан шаршаған.

Барлығының менен басқа жазатындары жоқ. Менің мазамды алмаңыздаршы, - деді Халық әртісі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары