14.02.2024, 11:20

Актриса Гүлназ Жоланова ана атанды

Фото: instagram.com/zholanova_gulnaz

Актриса жеке өмірін жариялауға әлі дайын еместігін айтты.

 

Былтыр шаңырақ көтерген актриса Гүлназ Жоланова ана атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы.

Nur.kz мәліметінше, актрисаның бұл жаңалығын көпшілікке Гүлнұр Мамасарипова айтқан.

"Гүлназ ылғи "Неге мені шақырмайсыз?", "Неге мені түсірмейсіз?" деп сұрайтын. Саған бір рөл бұйырмай жатыр дейтінмін. Осы жолы бірнеше актрисаны қарадым. Гүлназға хабарлассам, "Түскім келген кезде шақырмай, декретте отырғанда шақырғаныңыз қалай?" дейді. Балаңа қараймыз. Бүкіл группа бала күтуші боламыз, түсші дедім. Өзім қараймын дедім. Сонымен фильмге Гүлназ түсетін болды", - деді Гүлнұр Мамасарипова.

Ал Гүлназ Жоланова жеке өмірін жариялауға әлі дайын еместігін айтты.

"Бұл - менің жеке өмірім. Бұл сұрақтарға әлі жауап бере алмаймын", - деді Жоланова.