$ 498.34  519.72  4.85

Мәдина Сәдуақасова: Техас штатының құрметті азаматымын

Ол атақтарының ішіндегі ең ерекшесі туралы да бір кездері айтқан еді.

Фото: https://www.instagram.com/sadvakasovamadina/
Фото: https://www.instagram.com/sadvakasovamadina/

Әнші Мәдина Сәдуақасова осы күнге дейін өнер жолында алған атақтарымен мақтанды. Оның сахнада жүргеніне 30 жылға жуықтаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Серпер – жастар сыйлығының иегері. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Құрмет орденінің иегері, Қызылорда қаласының құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының президентінің алғыс хаты, Техас штатының құрметті азаматымын», – деп жазды әнші.  

Ол атақтарының ішіндегі ең ерекшесі туралы да бір кездері айтқан еді.

2012 жылы Қазақстаннан бір топ делегация Американың Хьюстон қаласына өнер фестиваліне бардық. Сол жерде халық әні «Бір баланы» орындадым. Ән басталғаннан көрермен жылады. Концерт біткеннен кейін 4-5 адамды қаланың мэрі шақырды. Бізге рақмет айтып, «Қазақстандық әншіге «Техас штатының құрметті азаматы» деген атақты сыйлағымыз келеді» деп сол жерде табыстады. Ол кезде мән бермеппін. Түрікменстаннан келген әнші қыз: «Мәдина, сенде қағазы бар ғой, маған орденіңді бересің ба?» деп сұрады. Мен қолын қайтарғым келмей, сол жерде сыйлап жібердім. Кейін барып түсіндім, ең құрметті атақтардың бірі екенін, – деді әнші. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 3
Күлкілі 5
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары