$ 498.34  519.72  4.85

Режиссер Қуаныш Бейсек жаңа қызметке тағайындалды

Ол тағайындалған жаңа қызметіне қатысты пікір білдірді.

Фото: instagram.com/azamatc
Фото: instagram.com/azamatc

Режиссер Қуаныш Бейсек "Қазақфильм" ұлттық студиясы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл жайлы "Қазақфильм" киностудиясының басшысы Азамат Сатыбалды Instagram желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

"Белгілі продюсер және режиссер Қуаныш Бейсек "Қазақфильм" ұлттық киностудиясы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды. Қуаныш, "Қазақфильмнің" шығармашылық даму бағытын қадағалап, сол бағытқа жауап беретін болады. Қуаныш студиямыздың дамуына өз үлесін қосады деген үлкен сенімім бар. Алла жар болсын", - деп жазды Азамат Сатыбалды.

Сонымен қатар Қуаныш Бейсек тағайындалған жаңа қызметіне қатысты пікір білдірді.

"Жаңа Қазақстан құрамын деп уәде бере алмаймын. Алайда жаңа "Қазақфильм" құруға тырысамыз", - деп жазды Қуаныш Бейсек Instagram парақшасында. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары