$ 474.62  517.19  5.39

«Астарында бір шикілік бар-аy»: Меруерт Түсіпбаева «пәк қыздар тізіміне» қатысты пікір білдірді

Қыздарымыздың көрпесін көтергенше - сапалы білім беріңіздер!

@meruert_tusupbaeva
@meruert_tusupbaeva

Кеше Алматыдағы танымал жоғары оқу орындарының бірінде білім алатын студент қыздардың жеке деректері таралып, желіде дау тудырған болатын. Осы орайда әнші Меруерт Түсіпбаева бұл жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Әнші Меруерт Түсіпбаева Instagram парақшасында бұл мәселеге жазба жариялап, бұл тізімді таратып жібергендерге шүйлікті. 

"Жақында ғана қазақ қыздарының өмірі неге сонша күрделі деп жазып едім. Менің жазбамнан кейін тағы бір тосынсый. Аталмыш ЖОО-ның әкімшілігі қанша ақталып, осы мәселені жылы жапқысы келгенімен бұл тізімнің жарыққа шығуында, оның астарында бір шикілік бар-ау. Оны ақымақ болмасаңыз - аңғарасыз. Сонымен, бұл тізім кімге керек болды екен? Жаңа ғана өмірін бастап жатқан жауқазын қыздардың жеке шекарасын бұзғанша, білім деңгейін ойламайсыздар ма?! Бәрін қатырып тастап , енді қазақ қызының арын таптайтын осы тізім қалып па еді?! Ұят! Солтүстік Корея шетте қалады! Қыздарымыздың көрпесін көтергенше- сапалы білім беріңіздер ! Неге қазақтардың басым бөлігі балаларын шетелде оқытады?! Бұл қылмыс жылы жаппай, мемлекет тарапынан тексеріс қажет", - деп жазды әнші. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары