$ 442.05  474.14  4.74

«Келіп тексерсін». Азамат Сатыбалды өзіне жала жапқандарға жауап берді (ВИДЕО)

Мен соны арнайы заңды түрде жалға беру арқылы "Қазақфильмнің" 10 қызметкерін қысқартудан сақтап қалдым.

Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм” ұлттық киностудиясының аумағын Қытай көліктерінің тұрағына айналдырды деген дауға іліккен Азамат Сатыбалды шындығын айтып, ағынан жарылды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Қазақфильмнің" 16 гектар жері бар. "Қазақфильмнің" арғы бұрышында 1,5 гектар автогаражы бар. Автогараждың 80 пайызы бос тұр, қаңырап. Маған дейін де ол жалға берілген, СТО болған, басқасы болған. Мен соны арнайы заңды түрде жалға беру арқылы "Қазақфильмнің" 10 қызметкерін қысқартудан сақтап қалдым. Құжаттың барлығы өтірік болатын болса, оның барлығы арам тірлік болатын болса мен баяғыда "Қазақфильмнен" шығып кететін едім. Барлығы ашық, заңды. Келіп тексерсін, көрді де", - деп жауап берді Азамат Сатыбалды.

Ол сондай-ақ өзін сынаған жандарға да жауап берді.

"Жүйелі сөз жүйесін табады, жүйесіз сөз иесін табады" дейді. Мен ешқашан да ақталмаймын. Мен айына ешқандай бір көлік те алмаймын. Менің тіпті қызметтік көлігім де жоқ. Мен достарымның берген көлігін мініп жүрмін. Біреуді қаралау арқылы өздеріне хайп жинайтын адамдар ойлануы керек. Мен Алланың алдында да, заңның алдында да адал екенімді, дұрыс жұмыс істеп жүргенімді жақсы білемін. Менің мақсатым - "Қазақфильмге" адал қызмет ету, "Қазақфильмді" кризистен алып шығу. Ал сырттан үріп тұратын адамдардың маған ешқандай қажеті жоқ. Оларды тіпті тіліме тиек қылып, ақталғым да, жауап бергім де келмейді, - деп жауап берді Азамат Сатыбалды.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары