Ерке Есмахан тапқан табысын жасырмай айтты.
Ерке Есмахан осыдан біраз уақыт бұрын киілген киімдерін сатылымға шығарған болатын. Өнер иесі сатылған заттардан қанша табыс тапқанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әншінің Instagram желісіндегі парақшасында оқырмандарының бірі "Киімдеріңізді сатып, қанша ақша таптыңыз?", деп сұрады.
Ал Ерке Есмахан тапқан табысын жасырмай айтты.
"Ақша санауды қатырасыздар, иә? Сол киімдердің барлығы сатылып кетті. Алған жандар игілігіне кисін. 7-8 млн теңге шамасында табыс таптым", - деп жазды Ерке.