17.02.2024, 17:30

Гүлзира Айдарбекова: «Атақ бер» деп үлкен кісілердің алдына бармаймыз

Фото: https://www.instagram.com/kair_n/

Әншінің қырғыз тыңдармандары Қайрат Нұртасқа «Қырғызстанға еңбегі сіңген» деген атақты беруіміз керек» деп ізгі тілегін жеткізді.

Продюсер Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртас баласының Қырғыз елінде концерті қалай өткенін жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қырғыз елінде KN концерті өз мәресіне жетті. Кеше билет таусылып қалды деп, елдер менен билет сұрап жазып жіберіпті, Аллаға сансыз шүкірлер айтып отырмын. Концерт біткен кезде халық жібермей, қайта шақырып, қосымша тағы 3 ән айтып бәріне алғысын айтып қазір ғана тарқағандарын да жанкүйерлері жеткізуде. Қырғыз елі өз әншілерінен де жоғары бағалайтынын, Қайрат жайлы жаман ештеңе естігілері келмейтінін ылғи да кез келгені айтып, мақтанып отырады. Аналық жүрегіммен Қырғыз еліне алғысым шексіз!, – деп жазды ол.

Әншінің қырғыз тыңдармандары Қайрат Нұртасқа «Қырғызстанға еңбегі сіңген» деген атақты беруіміз керек» деп ізгі тілегін жеткізді.

Қайрат атқа сұрамайды ғой. Иә, бәрі таң қалады, ең көп концерт беретін Қайрат. Атақ бәрі алып жатыр деп. Атақ бер деп үлкен кісілердің алдына бармаймыз. Өздері айтпаса керегі жоқ, сұрап алғымыз келмейді. Мен де ұлым үшін сұрамаймын, елдің жақсы көргені, қошеметі сол нағыз атағы, – деді Гүлзира ханым.