$ 495.2  522.34  4.94

«1 ай күтім керек»: Нұрболхан Шарапов пышаққа түсті (ВИДЕО)

Неше жылдан берi келе жатқан проблемам.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр

Отандық танымал әзілкеш Нұрболхан Шараповтың денсаулығы сыр берді. Өнер иесі Түркияға еліне барып, асқазанына операция жасатты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Нұрболхан Шарапов отадан кейін Instagram желісіне шығып, қазіргі жағдайын айтты.

Өнер иесі өзі ем алған аураханадан видео жариялады. Видеодан оның қан тапсырып, артынан дәрігерлер қарауында болғанын көруге болады.

Астың қазаны. Неше жылдан берi келе жатқан проблемам. Кәдiмгiдей жарты жолға келiп қалыпты. Ақыры сәтi түсiп, Стамбулға келiп асқазанға ремонт жасатып бастадым. Алғыстан басқа айтарым жоқ, ақшам да жоқ! Аллаһ разы болсын! İстерiңе береке берсiн! Сендер болғаннан кейiн ба, уайым болмады. Түрiктiң мықты профессорларының қарауында болдым. Шүкiр! Ендi 1 айлық күтiм керек. Сосын аттай шауып, құстай ұшып, ешектей жұмыс iстеп, тышқандай тiрнектеп, шошқа құсап тамақты опыра бересiң. "Бастысы, күтiмдi ұмытпа" дедi, - деп жазды әзіілкеш.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары