$ 441.66  475.14  4.86

«Шапан жабу бұл – біздің салт». Динара Сәтжан өзін сынағандарға жауап берді

Кімге және қашан шапан сыйлайтынымды өзім шешкенім дұрыс шығар?!

Фото: dinarasatzhan инстаграм парақшасынан
Фото: dinarasatzhan инстаграм парақшасынан

Отандық жүргізуші Динара Сәтжан әлеуметтік желідегі парақшасында шетелдік қонақтарға сыйға беріп жүрген шапандары туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Динара Сәтжан өзі тігетін шапандарын кімге сыйлайтынын өзі білетінін айтты.

Кімге және қашан шапан сыйлайтынымды өзім шешкенім дұрыс шығар?! Қонақжайлылық біздің ерекшелігіміз, қанымызға сіңген қасиет. Сонан соң мен кәсіпкермін. Шоу-румымда отызға жуық бренд бар. Эйконға шапан жапқанымда маған көпшілік «неліктен?» деп сұрады. Ал ол концерт бойы сол шапанмен ән айтып шықты. Кеше Вера Брежневаға шапан сыйлап едім, тағы хейтке қалдым, - деп жазды Динара Сәтжан.

Сондай-ақ тележүргізуші сыйлық бергенді ұнататынын айтты.

Ат мінгізіп, шапан жабу бұл – біздің салт. Мен қазақша таза сөйлей алмайтын шығармын, бірақ мен қазақпын. Менде көшпенділер қаны тулап жатыр. Менің жақындарым үнемі сыйлық беретінімді жақсы біледі. Сіздерге ұнаса да, ұнамаса да шапан беруді доғармаймын. Ал оған теріс пікір жазатындарды блокқа жіберемін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары