$ 494.87  520.65  4.91

Әнші Мақпал Исабекова ұлымен Шымкентке қоныс аударды

"Маған көмектесетін бала күтушім жоқ".

Фото: @makosyai
Фото: @makosyai

Жақында екінші сәбиіне аяғы ауыр екенін хабарлаған Мақпал Исабекова ұлымен бірге Шымкент қаласына көшіп кетті. Өнер иесі бүгінде жүктілігінің бесінші айына келіп қалған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Әнші басқа қалаға қоныс аударғанын әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарына хабарлады. Оның айтуынша, отағасы ұлы екеуін Шымкент қаласына алып кеткен.

"Қазіргі уақытта 19 аптамыз. Маған көмектесетін бала күтушім жоқ. Жақындарым да көмектесе алмайды. Сол себепті күйеуім бізді Шымкентке алып кетті. Бұл жерде жалғыз емеспін, шүкір", - деп жазды әнші.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары