Сүлеймен Демирел университетінің ұжымы бұл оқиғаға пікір білдірді.
Әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспановтың әлеуметтік желіде қыздарға жазылған интимдік хаттары жарияланып кеткен еді. Олжас Еспанов жұмыс істейтін Сүлеймен Демирел университетінің ұжымы бұл оқиғаға пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
“Әлеуметтік желіде СДУ қызметкеріне қатысты келеңсіз оқиға болды. Бұл жағдай университеттің ішкі тәртібіне сай келмейтінін бәріміз білеміз. Сондықтан қызметкермен еңбек шарты бұзылды. Айта кетейік, Олжас Еспанов педагогикалық бағытта жұмыс істемеді. Әкімшілік бөлімге қарайтын, баспахананың қызметкері болды. СДУ университеті сапалы білім мен рухани-адамгершілік құндылықтарға, сондай-ақ тәрбиеге ерекше көңіл бөледі. СДУ қызметкерінің тарапынан осындай келеңсіз жағдай болғанына өкінеміз”, – делінген ресми жазбада.