$ 494.87  520.65  4.91

«Өмірім ертегідегідей»: Дина Төреәлі бағалы сыйлықтарын айтып мақтанды

Ол өзін еркелетіп өсірген ата-анасына, жақындары алғыс білдірді.

Фото: Instagram/tattti_kyz
Фото: Instagram/tattti_kyz

Әнші Төреғали Төреәлінің кіші қарындасы Дина Төреәлі тұрмысқа шықпай тұрған кезін есіне алып, отбасынан алған бағалы сыйлықтарын көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Ұлы дала баласының» қарындасы отбасындағы балалардың кенжесі, еркесі екенін айтып, қыз кезін есіне түсірді.

Ол өз парақшасында осыған дейін туған күнінде алған бағалы сыйлықтарын көрсетті. Оған қоса өзін еркелетіп өсірген ата-анасына, жақындары алғыс білдірді.

16 жасымда салоннан жаңа көлік сыйлаған еді. Осыншалықты үйдің еркесі болғаныма қазір таңғаламын. 18 жасыма Астана қаласынан,  3 бөлмелі пәтер әперді. Тәтемнен, жездемнен еш себепсіз бренд киім-кешек ала беретінмін. Құрбыларыммен кофе ішіп қайтуға шетелге ұшып кете салатын әкесінің ерке қызы болдым. Осындай балалық шағым үшін, ертегідегідей өмірім үшін, әр сүрген күндерім үшін шүкіршілік етемін. Мен үшін, менің көңілім үшін, әр еткен еңбегіңіз үшін рақмет, әке!, – деп жазды Дина.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 4
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары