$ 444.14  477.05  4.85

Гүлзира Айдарбекова: Қыздар Қайратқа 70 метрге дейін хаттар жазатын

Ол да тарих болып қалды.

Фото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova/
Фото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova/

Продюсер, кәсіпкер Гүлзира Айдарбекова отбасылық фотоларын жариялады. Арасында әнші ұлы Қайрат Нұртасқа қыздардан келген түрлі сыйлықтарды да көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қайраттың 15 жыл бұрынғы жанкүйерінің естелігі. Осындай керемет көрме болады деп ойлады ма екен?! Қыздар 30 метрден 70 метрге дейін хаттар жазатын. Бұл жартысы ғана. Қалғандары офисте тұр. Альбом көп еді. Барлығы – қыздардың сыйлағаны. Сырымды ұмытпаған боларсыздар?! Қайратқа қосып сахнаға бірге шығарып едім. Бақыт Алтай деген әншімен бірге «Ойлама» деген ән жазып, Дубайға клип түсіруге бардық. Ол да тарих болып қалды. Өзбекстанға әнсапармен барғанда сол кезде «Фатима мен Зухра» киносы қатты танымал болып жатыр еді. Сол кинодағы актрисамен де фотоға түскен едік. Сіздерде де ескі сурет көп шығар?! Қазір ұялы телефонымыз толып қалады ғой, фотоларды шығаруға да уақыт жоқ, – деп жазды продюсер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 4
Күлкілі 9
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары