$ 494.87  520.65  4.91

«Екі адвокат жалдап, кінәсіз болып отыр»: Серікзат Дүйсенғазы ұлының қазасына қатысты тергеу туралы айтты

Психологиялық тұрғыдан ауыр болса да мен бұл іске жәбірленуші ретінде қатысып жатырмын.

Фото: serikzat_duisengazy инстаграм парақшасынан
Фото: serikzat_duisengazy инстаграм парақшасынан

Белгілі ақын, филология ғылымдарының докторы Серікзат Дүйсенғазы ұлының қазасына қатысты тергеудің аяқталғанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өткен жылдың 2 қаңтарында ақынның Әлихан есімді ұлы шаңғы тебуге барып, мерт болған еді. Ал тергеу шараларын Ақмола облыстық Ішкі істер басқармасының қызметкерлері 2023 жылдың қазан айында аяқтады. Ақын инстаграм желісіндегі парақшасында "Елікті Парк-1" деген атаумен пост жариялап, тергеу деректері туралы ақпармен бөлісті. 

Қазір бұл іс бойынша сот процесі жүріп жатыр. Психологиялық тұрғыдан ауыр болса да мен бұл іске жәбірленуші ретінде қатысып жатырмын. Қаңтар айының 22 күні басталған соттың тергеп-тексеру сатысында кінәлі тарап өздерінің жазасыз қалатындарына сенімділігін байқатты. Екі адвокат жалдап, өздерінің еш кінәсіз екенін дәлелдегісі келетін тараптың сот процесі кезінде берген оспадар жауаптары мені толғандырып отыр. Сот бұл қылмыстық іс бойынша өз шешімін шығара жатар. Бірақ мен жәбірленуші ретінде қоғамның назарын аударатын бірқатар жайттарды сіздермен бөліскім келеді. Көпшілікке тау шаңғысы курортының қызметтерін ұсынатын "Elikti Park" ЖШС-ның қазіргі басшысы С. деген азамат (көкшетаулықтардың айтуынша және ашық интернет желісіндегі ақпараттар бойынша "Elikti Park" ЖШС-ның 2020 жылдан бергі иесі және басшысы осы адам деп тұр. Бірақ "Elikti Park" ЖШС құжаттары бойынша басқа адам күдікті саналып отыр. С.-ны күдікті ретінде тарту туралы талабымызды сот қанағаттандырған жоқ) сотқа куәгер ретінде шақырылған.  Осы С. деген азамат дәл қазір өзі басқаратын "Elikti Park" ЖШС-ның қауіпсіздік ережелерінің талаптарына сай келмейтінін мойындамай, еліміздегі тау шаңғы базаларында апта сайын адамдардың әртүрлі деңгейде жарақат алатынын мысалға келтіріп, ол Қазақстан Республикасының аумағында қалыпты жағдай екенін сотта берген жауабында айтты. Одан кейін, мұны кәдімгі норма ретінде қабылдау қажет деп санайды екен. Сонда ҚР Конституциясында жазылған “Еліміздің басты байлығы – адам” деген бапты қайда қоямыз?! Адам өміріне қауіпсіз, “Әділетті Қазақстан” құрамыз деген жоспарымыз қайда?, – деп ренішін білдірді ақын.

Ақынның жазуынша, демалыс орнында болған оқыс оқиғаларға аталған мекеме жауапты емес екен.

“Elikti Park" ЖШС тек шаңғы мен шаңғы тебуге қажетті құралдарды ғана береді. Қалған қауіпсіздігіңнің барлығына өзі жауаптысың. Егер құлап мертігіп қалсаң алғашқы медициналық көмек көрсету де олардың міндетіне кірмейді екен Шаңғы үйрететін инструкторларының да, басқа қызметкерлерінің де мұндай қауіпті қызметпен айналысуға  лицензиялары мен оқыған дипломдары жоқ, – деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 6

Серіктес жаңалықтары