Ол жағдайын сұрап келген өнердегі әріптестеріне алғыс білдірді.
Танымал актер, продюсер Сәбит Әбдіхалықовтың ауруханада жатыр. Қиын сәтте оған баласы қарап жүр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жаным көзіме көрінді. 2016 жылы инфаркт алып, содан жүректе ақау бар. 5 сағатқа созылған өте күрделі ота болды. Аллаға шүкір, балам қарап жатыр, – деп жазды актер әлеуметтік желідегі парақшасына.
Сонымен қатар, ол қазіргі жағдайын сұрап келген өнердегі әріптестеріне алғыс білдірді.
Ота жасаған емхананың бас дәрігеріне алғыс айтамын. Арнайы көңілімді сұрап келген Мұқасан Шахзадаев, Мейрамбек Беспаев достарыма мың алғыс. Жүрегіме күрделі ота жасаған Арман бауырыма рақмет!, – деді актер.