24.02.2024, 03:30

Абай Бегейдің келіні қуанышты хабарымен бөлісті (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/abai_begei

Жас келін жүкті екенін тосын сый етіп, жарына айтқан.

Танымал әнші Абай Бегейдің келіні әлеуметтік желідегі парақшасында жарынан сүйінші сұрап, қуанышты жаңалығын айтты, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Әнші Абай Бегей үлкен ұлын үйлендірді (ВИДЕО)

Жас келін жүкті екенін тосын сый етіп, жарына айтқан.

Біз енді үшеу боламыз. Аллаға шүкір. Көп күттірмей, осындай бақыт сыйлап жатқанына сансыз шүкір. Қуанышымызда шек жоқ. Отбасымызбен қатты қуанып, сіздерге жеткізуге асығып жүрген жаңалығымыз осы. Біз сені күтеміз, балапан, – деп жазды  ол.

Абай Бегейдің ұлы әке болатынын білгенде қуаныштан көзіне жас алды. Желі қолданушылары да екі жасқа бақыт тілеп, сәбидің ғұмырлы болуын тілеп жазды.