Бір көйлектің бағасы – 400 мың теңге.
Әнші Қарақат Әбілдина да Ерке Есмахан секілді сахналық көйлектерін сатуға шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның айтуынша, гардеробына көйлектері сыймай қалған. Сондықтан сатуға шығарған.
Киім өте көп. Гардеробым толып кетті. Сондықтан бір-екі рет киген көйлектерімді сатуға шығарамын деп шештім. 70 пайыз жеңілдікпен алуға болады. Бірақ қимай тұрмын. Көмекші қыздарым екі күн жүріп, әрең көндірді. Ең сапалы матадан тігілген, отандық сәнгерлердің қолынан шыққан көйлектер. Өзінің бағасынан әлдеқайда арзан бағада сатылады, – деді әнші.
Артынша жеке парақшасында көйлектерін көпшілікке көрсете бастады. Бір көйлектің бағасы – 400 мың теңге. Киімдерінің бағасын білген оқырмандары шулап қоя берді.
«Ондай бағада жалақы да алмаймыз», «Не деген қымбат баға?!», «Қызыма ырымдап аламын ба деп ойлап едім», «30 шақты көйлегімді сатамын деп еді, ешкім алмайтын сияқты ғой», «70 пайыз жеңілдікпен тұрса, өз бағасы қанша теңге болған?!, – десті әлеуметтік желі қолданушылары.
Еске салсақ, бұған дейін әнші Ерке Есмахан киімдерін сатып, қанша ақша тапқанын айтқан еді.