Видеодан Аша Матайдың су жаңа көліктің жанында гүл шоғын ұстап тұрғанын көруге болады.
Тележүргізуші Аша Матайдың күйеуі көпшілікке сүйінші жаңалығын бөлісті. Ол Instagram желісіндегі парақшасында әйеліне су жаңа көлік алғанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Құттықтап қойыңыздар! Осы жылы жаңа темір тұлпар сізге де бұйырсын", - деп жазды Арман Қоңыр.
Видеодан Аша Матайдың су жаңа көліктің жанында гүл шоғын ұстап тұрғанын көруге болады. Ал желі қолданушылары жұлдызды жұптың жаңалығын қуана қабылдап, ақ тілегін айтты. "Құтты болсын", "Жұғысты болсын", "Керемет", "Әкесіне көлік сыйлады. Енді әйеліне әперіп жатыр. Арман, жарайсың", - деп жазды желідегілер.