«Мисс» деген арудың артынан жаман сөз еретіні рас екен.
Актриса, кинопродюсер Құралай Анарбекова сұлулық байқауында жеңіске жеткеніне неліктен өкінетінін айтты. Бұл туралы ол «Мамский әңгіме» подкастына берген сұхбатында түсіндірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол кезде жасым 16-да болды. Оған дейін «Miss АПК» болдым. Ол кезде жастық максимализм басым. Өзіңді көрсеткің келеді. Танымал болып, сұлу екенімді дәлелдегім келді. Бірақ тәжді кигеннен кейін, қатты өкіндім. Айналам түгел мені өсектеді. «Төсек арқылы, таныс көкелер араласты» деген әңгіме шықты. Ар-намысыма жала жапты. Жаныма қатты батты. Содан «қатыспауым керек еді» деп өкіндім. Қазір қыздар сайысының ешқайсысына қатыспаушы едім. «Мисс» деген арудың артынан жаман сөз еретіні рас екен. Сол кезде көреалмауышылықтың не екенін білдім. Жұлдыз ауруын бастан өткердім. Жасөспірім шақта сондай сынақтан өттім. Қазір бәрі жақсы. Өнерге енді аяқ басып, жұлдыз ауруына ұшырап қалғандарды жақсы түсінемін, – деді актриса.