27.02.2024, 05:30

«2-3 ақын бар»: Жүрсін Ерман өзінің орнына айтысты енді кім басқаратынын айтты

фото: instagram.com/kazyret_berdikhan

Мен өлгеннен кейін де айтыс жалғаса береді ғой.

Бірнеше жылдан бері денсаулығы сыр берген Жүрсін Ерман ақын Жандарбек Бұлғақовтың бағдарламасында өзінің орнына айтысты енді кім басқаратынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Наурызда айтыс болады. Соған жүргізуші таппай қиналып отырмын. 2-3 ақын бар, кежегесі кейін тартып қалады. Ал басқасының ондай құдіреті де, қабілеті де жоқ. Өзі қиын шаруа да емес. Мен өлгеннен кейін де айтыс жалғаса береді ғой. Бірақ тура алып кетейін деп тұрған жастар жоқ. Студенттердің айтысын Шұғайып Сезімханға беріп қойдық. Сондай 2-3 ақын шықса деймін. Нақты мынаған деп отырған адамым жоқ", - деді Жүрсін Ерман.