$ 443.37  474.49  4.83

«Жүндеуге келгенде шеберміз»: Ақбота Керімбекова көпшілікке ақыл айтты

Ниетімізді, пейілімізді жөндесек, апат та, қиыншылық та болмас па еді.

Фото: botakerim инстаграм парақшасынан
Фото: botakerim инстаграм парақшасынан

Ақбота Керімбекова әлеуметтік желіде көпшілікке жазба арнады. Әнші желіде оқырмандарын ізгілікке шақырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Қазақ қазаққа қай уақытта жағамыз? Тілдеуге, жүндеуге келгенде ділмар-шешенбіз. Өзімізде жоқ ақылды айтуға көсембіз. Қай-қайсымыз, не істесек те жақпаймыз. Алланың жер бетіндегі өмірі әйтеуір бір сынақ екенін бәріміз білеміз. Бірақ ешнәрсе жақпайды, неге? Бәріміздің баратын жеріміз бір екені ақиқат. Жақсы сөз айтуға неге қиналамыз, қазағым-ау? Жалпы, әлеуметтік желіні қарап, жүрегім ауырып, жазып отырмын… Ниетімізді, пейілімізді жөндесек, апат та, қиыншылық та болмас па еді деген ойым ғана. Атақ, даңқ, дүние, мансап - шетсіз-шексіз болып көрінгенімен, баяны, мәні жоқ ұғым ғой. Қолға ұстаса, суып түсе салатын құм секілді. Ойымша, шүкір етпегенге өмір де күліп қарай қоймас, - деп жазды Ақбота Керімбекова Instagram-дағы парақшасында.

Желі қолданушылары әншінің жазбасына жарыса пікір жазып, бос сөзге мән бермеу керектігін айтты.

"Керемет әншісіз", "Жұрт айта берсін", "Тыңдама", "Аталарымыз "Жақсы сөз - жарым ырыс" деген", "Дұрыс айтасыз", "Бос сөзге мән берме", - деп жазды желідегілер. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары