01.03.2024, 10:40

Мөлдір Әуелбекова ұлына 60 миллионға алған үйін көрсетті (ВИДЕО)

Фото: https://www.instagram.com/moldir.auyelbekova/

Тіпті ине-жібіне дейін су жаңа болды.

Әнші Мөлдір Әуелбекова құны 60 миллион тұратын жаңа пәтерін көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Оның айтуынша, үйіне екі айдан бері жөндеу жұмыстарын жүргізген. Енді ұлының 7 жасына сыйлаған баспана дайын болған.

Пәтер алып, құрылысын жасап толтырып тастадық. Тіпті ине-жібіне дейін су жаңа болды. Есесіне 80 миллион теңге шығын кетті. Пәтер құны 60 миллион болса, 20 миллион теңгесі жөндеу жұмыстарына жұмсалды, – деді әнші.

Қазақ эстрадасының жұлдызы тіпті әр бөлмені жеке-жеке көрсетті.

Естеріңізде болса, ұлымның туған күніне пәтер сыйлаған едім. Міне, су жаңа пәтер дайын. Бірінші ұлымның бөлмесі. Өзіне қатты ұнады. Сабағына керек-жабдықтың бәрі бар. Қазақ болғасын қонақ шақырамыз. Қазақша стильдегі қонақ бөлмеміз. Жер үстел қойып, дастархан жаямыз. Перденің бәрі бөлмеге сай үйлесіммен алынды. Ас үйіміз де өзімізге ұнады. Өнердегі досым 1 миллион теңге көрімдік беріп еді, сол ақшаға түгел ыдыс-аяқ алдым. Кір жуатын бөлек бөлме бар. Гардеробымыз әлі жиналмады. Шағын ғана пәтеріміз құтты болсын!, – деді Мөлдір Әуелбекова.