$ 443.35  475.54  4.82

Жазира Байырбекова ресторанға жылқы кіргізетіндерді сынға алды

Өнер иесінің айтуынша, жануарды қинап кіргізген сәтті көру өзіне аса ауыр тиеді.

Фото: www.instagram.com/zhazira_bairbekova
Фото: www.instagram.com/zhazira_bairbekova

Еліміздегі көптеген тойлардың көркіне айналған танымал әнші Жазира Байырбекова мейрамханаларға ат кіргізіп, тойлататындарды сынға алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесінің айтуынша, жануарды қинап кіргізген сәтті көру өзіне аса ауыр тиеді.

Ол Instagram парақшасында көпшілікке үндеу жасап, той иелеріне жануарларды қинамауға шақырды.

 "Қаладағы 2 қабатты мейрамханаларға көтеріліп жүретін аттарға қарағанда, мына аттар бақыттырақ. Кеше Хамит досым ұлдарының сүндет тойында аттарды мейрамханаға кіргізбей, атпен жүретін рәсімді сыртта жасады. Жарайсың! Оңтүстікте сүндет той жасаса аттарды үлкен баспалдақтарға қинап мінгізіп, мейрамханаға кіргізіп жатқандарды көріп аттарға жаным ашығаны-ай", - деп жазды әнші.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары