$ 494.87  520.65  4.91

«Жүрегім ауырады»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуін есіне алып, жазба жариялады

"Жатқан жерің жайлы болсын, Қайрекем".

Фото: @Sultankyzy
Фото: @Sultankyzy

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасын есіне алып, әлеуметтік желіде әсерлі жазба арнады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ол жолдасы екеуінің ең бақытты сәтінен фото жариялап, оған деген сағынышын жеткізді.

"Бұл сурет өзіме ыстық болғанымен, қараған сайын жүрегім ауырады. Жақындар, дос-жарандар осы фотоны қойып, көңіл айтқан еді. Ең бақытты сәттеріміздің бірі. Бірінші кезекте мені қорғап, қолдап, еркелетіп, жанарымдағы отты сөндірмеген азаматыма алғысым шексіз. Жатқан жерің жайлы болсын, Қайрекем", – деп жазды журналист Instagram парақшасында. 

Ләйлә Сұлтанқызының Stories-i

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 10
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары