$ 442.05  474.14  4.74

«Жоспардың барлығы тоқтады»: Роза Әлқожа денсаулығының сыр бергенін айтты

Бастысы жүрек тоқтамасын!

Фото: roza_alqozha инстаграм парақшасынан
Фото: roza_alqozha инстаграм парақшасынан

Отандық танымал әнші Роза Әлқожа денсаулығы нашарлағанын айтып, оқырмандарын алаңдатып қойды. Өнер иесі мұзда тайып құлап, ауруханадан бір шыққан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алдағы жоспардың барлығы тоқтады, бастысы жүрек тоқтамасын! Мұзға тайғанаған ештеңе емес, сөзден тайғанатпасын! Тобық пен жарылған табан жарылар, жан мен жүректі абайлайық! "Дұшпан аяққа қарайды" деуші ме еді, сынақ та аяқтан шалды, аяқ киімім тайғанақ екенін біле тұра киіп жүрген өзімді кіналадым. Жасыма сай жазылар. Тілек білдіріп, гүл жіберіп жатқандарға рахмет!

Роза  Әлқожа денсаулық жағдайына байланысты бірнеше шараларға қатысу бұйырмағанын айтты.

Қызымның туған күні, одан үлкен қызымның премьерасы, Сарыағаштағы концертім, тосын сый боп барам деген туған күн, той, Зәкеңнің кеші бұйырмапты! Енді көктемгі мерекеде қайта көктеген розадай жұпар шашуға жазсын! "Сынықтың көңілін сұрамайды" десе де жігерлендіруге жұмсаған күштеріңізді Алла еселеп қайтарсын! Алыстан, жақыннан қолдап жатқан бар жақыныма алғыс айтамын", - деп жазды Роза Әлқожа.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:  «Оңай тимеді»: әнші Роза Әлқожа сырқаттанып қалғанын айтты (ВИДЕО)

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары