$ 443.35  475.54  4.82

«Бейбіт Қорғанның «баласы»: Басы дауға қалған әнші тапсырған ДНҚ қорытындысы шықты (ВИДЕО)

Заңгер “Астарлы ақиқат” бағдарламасы да заң алдында жауапқа тартылатынын алға тартты. 

Фото: Instagram/ @beibitkorgan
Фото: Instagram/ @beibitkorgan

Әнші Бейбіт Қорған тапсырған ДНҚ қорытындысы шықты. Атыраулық келіншек Нұргүл Зиханованың ұлының әкесі Бейбіт Қорған болмай шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Видеоүндеуді әнші өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады.

"Азаматша Нұргүл Зиханова Атырау облысының сотына арыз жазып, КТК телеарнасының Дина Төлепберген жүргізетін "Астарлы ақиқат" бағдарламасында мені баланың әкесі деп заңсыз айыптаған болатын", - деп жазды Бейбіт Қорған.

Әншінің жазуынша, ДНҚ қорытындысы шыққан, заңгер Орынгул Ұзаққалиева заң жүзінде толық видео үндеуде айтқан.

“Азаматтық іс қозғалып, сот отырысында соттың тарапынан баланың әкесін анықтау мақсатында сараптама тағайындалды. Сот ұйғарымы бойынша осы жылдың 24 қаңтарында Бейбіт Қорған аталған ұйғарымда көрсетілген міндеттерін атқару барысында келіп сот биологиялық үлгілерін тапсырды. 27 ақпанда сот барысында барлық қатысушылардың көзінше сараптама ашылып, сараптама қортындысы оқылғаннан кейін, әкелігі анықталмауына байланысты арызданушы берген арызын қайтарып алды. Және ол соттан шағымды қараусыз қалдыруды сұрады”, – деді адвокат Ұзаққалиева Орынгүл.

Заңгер сонымен қатар, әншінің жеке басына, ар-намысына кір келтіріп, жеке өмірінің деректерін рұқсатсыз бөліскен “Астарлы ақиқат” бағдарламасы да заң алдында жауапқа тартылатынын алға тартты. 

Адвокат Бейбіт Қорғанның осы күнге дейін журналистер алдына шығып пікір білдірмеуінің себебі де бірден сот арқылы шындықты көрсету болғанын атап өтті. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 4
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары