05.03.2024, 15:00

«Аяғын шығарып алдық»: Әнші жер сілкінісі кезінде зардап шекті (ФОТО)

Фото: instagram/kuanysh_karlygash

Қуаныш пен Қарлығаш жер сілкінісінен кейін алты баласын алып, жер үйіне көшкен.

Қазақстандық жұлдызды жұп Қуаныш пен Қарлығаш кешегі Алматыда болған жер сілкінісі кезінде жапа шекті. Әнші жолдасының аяқ сүйегі шытынағанын Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жер сілкінісінен жарақаттанып қалды. Жай аяғын майыстырып алды ма десек, болмады. Аяғын шығарып алдық, - деді Қарлығаш.

Фото: instagram/kuanysh_karlygash

Кейінірек әнші күйеуінің жағдайын бөлісіп, аяғының сүйегі шытынап кеткенін айтты.

Аяқ сүйегі шытынапты ғой, - деп жазды әнші.

Сахнаға қол ұстасып бірге шығатын Қуаныш пен Қарлығаш жер сілкінісінен кейін алты баласын алып, жер үйіне көшкен.