$ 440.92  475.36  4.82

«Қожайынның таңдауы – вилла!»: Ерке Есмахан зілзаладан кейін жер үй алды

Бүгін жер сілкінісінен соң ес жиып, қорыққаннан тез тез барып келісім-шартқа қол қойып келдік.

фото: @erke_esmahan
фото: @erke_esmahan

Танымал әнші Ерке Есмахан қуанышты жаңалығын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

“Бүгін біздің жанұяда қуаныш! Оны мен айтпасам, күйеуім айтпайды сіздерге. 

Қысқасы, Сүйінші! Жер үйлі болдық. Күйеуім көптен іздегенін тапты. 

Аллаға сансыз шүкір! Алла берекелі, хайырлы етсін! Бүгін жер сілкінісінен соң ес жиып, қорыққаннан тез тез барып келісім-шартқа қол қойып келдік. Енді салынып біткенін күтеміз. Алла түрлі табиғи апаттардан сақтасын. Тек аманшылық болсын. Енді күйеуім екеуміз қуаныштан ұйықтай алмай жатырмыз. Алла тіл, сөз, көзден аулақ қылсын. Қожайынның таңдауы – вилла!", – деп жазды әнші. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 12
Ұнамайды 3
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары