Қобыздың екінші данасы мұражайда сақталған.
Аталмыш қобызды академик Дархан Қыдырәлі сыйға тартты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Dimashnews сайтына сілтеме жасап.
Ғалымдардың болжамына сәйкес, бұл қобыз - VI-VII ғасырлардан қалған көне мұра.
Ең көне қобыз 2014 жылы Алтай тауындағы қазіргі Берелі аймағында, Қарақаба үстіртінде жүргізілген археологиялық қазбалардың нәтижесінде табылды.
Қобыздың бір ғылыми данасы Димаш Құдайбергенге сыйға тартылса, екінші данасы мұражайда сақталған.