Айта кетейік, бұған дейін танымал блогер Қазақстан футбол лигасының креатив директоры атанғаны хабарланған болатын.
Archibaalt лақапатымен танымал блогер Артур Асқарұлы REVUE NEWS бағдарламасына берген сұхбатында жыныстық көзқарасына күмән келтіргендерге жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Ол мұндай қауесеттерге назар аудармайтынын жеткізді.
"Негізі өте күлкілі жағдай. Елімізде түрлі Telegram-арналар бар. Сол арна авторлары мені топ-10 жасырын гомосексуалдар қатарына кіргізіп қойған. Мен креативті адам болғандықтан, әлеуметтік желідегі парақшамда неге үштікке кіргізбеді деп әзілдедім. Мен Қазақстанда футболды дамытып жатырмын, өз академиям бар, онда 300 жуық бала жаттығады, штатта қаншама адам жұмыс істейді. Сондықтан мұндай еш дәлелсіз келтірілген фейк жаңалықтарға бас қатырмаймын. Күлдім де қойдым", - деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін танымал блогер Қазақстан футбол лигасының креатив директоры атанғаны хабарланған болатын.